русский язык

«Оқжетпес» сапына қазақстандық қорғаушы қосылды

«Оқжетпес» клубы 27 жастағы қазақстандық қорғаушы Виктор Гунченкомен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Ойыншы көкшетаулық клубқа еркін агент ретінде ауысты.

27 жастағы қазақстандық қорғаушы Виктор Гунченко футболдағы мансабын 2011 жылы «Қызыл-Жар» ФК клубының ойыншысы ретінде бастады. «Қызыл-Жар» құрамында Бірінші лиганың қола және күміс жүлдегері. 2018 жылы футболшы Премьер-лигада дебют жасады. Алайда маусым команда үшін сәтсіз болып, «Қызыл-Жар» Бірінші лигаға түсіп қалды. 2019 жылғы маусымда Петропавлдық команданың сапында Виктор Гунченко Бірінші лига жеңімпазы атанып, «Қызылжар» тағы да ҚПЛ жолдамасын ұтып алды.

Өткен маусымда «Қызыл-Жар» сапында небәрі 3 матч өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;