Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасы: Олимпиада кезінде ойындар өтпейді

Құрлықтық хоккей лигасы: Олимпиада кезінде ойындар өтпейді
news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық хоккей лигасы Қысқы Олимпиада кезеңінде ойындар өткізбеу жөнінде шешім қабылдады. Бұл жөнінде Құрлықтық хоккей лигасы мәлім етті.

ҚХЛ клубтар арасында Қытай астанасы - Бейжің қаласындағы Қысқы Олимпиада кезінде чемпионатты жалғастыруға байланысты сауалнама жүргізген еді.

Аталған турнирге қатысып жатқан 24 команданың 16-ы оған қарсылығын білдірді. Осыған байланысты лига басшылығы Олимпиада кезеңінде чемпионатты жалғастырмауға шешім қабылдады.

ҚХЛ ойындарының қалған бөлігі қашан жалғасатыны жөнінде нақты ұйғарым 10 ақпанда жасалады. Қазір қазақстандық «Барыс» командасы 47 ойыннан кейін 48 ұпаймен 17-орында тұр.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер