русский язык

«Шахтер» Рохер Каньястың командаға оралғанын ресми түрде хабарлады

«Шахтер» Рохер Каньястың командаға оралғанын ресми түрде хабарлады

«Шахтёр» футбол клубы колумбиялық жартылай қорғаушы Рохер Каньяспен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Каньяс қарағандылық «Шахтёр» құрамында 2012 және 2013-жылдары ойнаған. «Кеншілер» үшін 51 ойын өткізіп, жеті гол соққан. 31 жасар футболшы командамыздың Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне және Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтуіне өз септігін тигізді.

Рохер мансабын колумбиялық «Индепендьенте Медельин» клубында бастаған. Сонымен бірге ойыншы латвиялық «Транзит», ресейлік «Сібір», польшалық «Ягеллония», кипрлік АПОЭЛ және қазақстандық «Астана», «Ордабасы» және «Ертіс» командаларында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;