Хоккей

«Барыстың» қатысуымен өтетін ҚХЛ чемпионаты қашан жалғасатыны белгілі болды

«Барыстың» қатысуымен өтетін ҚХЛ чемпионаты қашан жалғасатыны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық хоккей лигасы Олимпиада үзілісіндегі матчтарды өткізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚХЛ клубтар арасында Бейжіңдегі Олимпиада ойындары кезінде чемпионаттағы матчтарды өткізуге дайын ба деген сауалнама жүргізді. Лигадағы 24 клубтың 16-сы «қарсы» дауыс берді.

Лига клубтардың мүддесін ескеріп, олимпиадалық үзіліс кезінде матчтарды өткізбеу туралы шешім қабылдады.

ҚХЛ маусымының қалған форматы туралы соңғы шешім 10 ақпаннан кейін жарияланады.

Фото: hcbarys

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер