Қысқы

Абзал Әжіғалиев: Маңызды жарыста бар күшімізді салуға дайынбыз

Абзал Әжіғалиев: Маңызды жарыста бар күшімізді салуға дайынбыз
news-banner7
mobile-news-top

Бейжің Олимпиадасында ту ұстайтын спортшымыздың бірі Абзал Әжіғалиев Олимпиада алдында пікірімен бөлісті.

- Бүгін біз Олимпиадаға аттанамыз. Бұл бәріміз үшін өте қызықты оқиға. Біз бұған оптимистік көзқараспен қараймыз және осынау маңызды жарыстарда бар күшімізді салуға дайынбыз.

Мемлекет басшысына және біздің Үкіметке, Ұлттық Олимпиада комитетіне қиын-қыстау кезеңде спортшыларға жасалған барлық жағдай мен қамқорлық үшін алғысымды білдіргім келеді. Біз спорттық дайындығымызды ештеңеге қарамастан үзген жоқпыз, - деп атап өтті Қазақстан командасының ту ұстаушысы және шорт-тректен команданың көшбасшысы Абзал Әжіғалиев.

Түпнұсқасы: gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер