русский язык

«Ақсу» украиналық қақпашыны қатарына қосты

«Ақсу» украиналық қақпашыны қатарына қосты

Павлодарлық «Ақсу» украиналық қақпашы Евгений Кучеренкомен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақсу» мен «Колос» қақпашыны жалға алу туралы келісімге келді.

Евгений – донецктік «Шахтер» тәрбиеленушісі. 2017/18 маусымда жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар Лигасында өнер көрсетіп, онда 3 ойын өткізді.

Кейін ойын тәжірибесін алу үшін Португалияның үшінші лигасының «Лейрия» клубына барды.

2020 жылы ковалевкалық «Колосқа» ауысып, Руслан Костышиннің басшылығымен Украина Премьер-Лигасында дебют жасады. Соңғы жарты жылда Украинаның Бірінші лигасында Хмельницкое «Подолье» командасында ойнады. 14 матч ойнады, оның 8-ін «нөлге» өткізді.

Кезінде Украинаның жастар құрамасына шақырту алған.

Евгений Кучеренко
Туған күні: 27 тамыз 1999 ж
Биіктігі: 1,92 м
Салмағы: 83 кг
Алаңдағы орны: қақпашы
Азаматтығы: Украина

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;