русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы жиырма нокауты бар боксшымен жекпе-жек өткізуге келісті

Жәнібек Әлімханұлы жиырма нокауты бар боксшымен жекпе-жек өткізуге келісті

Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен бразилиялық Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) өздерінің Twitter парақшаларында WBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы титулын сарапқа салуға келісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Деметриус Андраде Жәнібекпен жекпе-жекке шықпай, супер орта салмаққа өтуді қалайды деген хабардан кейін Фалькао Әлімханұлын рингке шақырды. Алғашында Әлімханұлы былай деп жауап берді: «Бауырым, сені нокаутқа түсіретінімді білесің. Жекпе-жектің не қажеті бар?».

Алайда, әрі қарай хат алмасу барысында боксшылар бір-бірімен келісті:

Фалькао: Осы жекпе-жекке шығайық, мен сенімен жұдырықтасқым келеді. Біз бір [промоушн] компанияданбыз. Мен мықты екенімді дәлелдеймін».

Әлімханұлы: «Мен дайынмын!

Айта кетейік, Фалькао мен Әлімханұлының Top Rank промоушнының өкілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;