Бразилиялық нокаутшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
![Бразилиялық нокаутшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды](https://prosports.kz/upload/news/content//202201/472_400489f453f2592968d5c3ce7b70854c.jpg?v=28702944)
Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао Твиттерде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Деметриус Андраде WBO белбеуінен бас тартады деп естідім, егер солай болса, Жәнібек Әлімханұлы мен Эскива Фалькао жекпе-жегін ұйымдастырайық. Қазақстанға баруға дайынмын. WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын сарапқа салайық»,- деп жазды бразилиялық боксшы.
Әлімханұлының жауабы ұзақ күттірмеді.
«Бауырым, сені нокаутқа түсіретінімді білесің. Саған керек пе сол?», — деп жазды Әлімханұлы.