русский язык
Футзал

Футзалдан Еуро-2022 аясындағы Финляндия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Футзалдан Еуро-2022 аясындағы Финляндия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

25 қаңтарға қараған түні Қазақстан құрамасы Гронинген қаласында футзалдан Еуро-2022 топтық кезеңіндегі екінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Пауло Рикардо Кака командасының қарсыласы Финляндия құрамасы болады. Финляндиялықтар 1-турда италиялықтарға қарсы кездесуде тең түскен еді.

1-турдан кейін В тобында барлық құраманың жағдайы бірдей – төрт команданың әрқайсында бір ұпайдан бар, сондықтан жеңістің бағасы екі есеге өсті, шегінетін жер жоқ.

Финляндия Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 01:20-да басталады, оны Qazsport телеарнасынан немесе мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Ол уақытқа дейін елорда уақытымен сағат 22:30-да басталатын Италия - Словения кездесуінің нәтижесі белгілі болады. Оны да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Фото instagram.com/kazfutsal

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;