русский язык

Құрамында қазақстандық футболшы бар түрік клубы аутсайдерді жеңе алмады

Құрамында қазақстандық футболшы бар түрік клубы аутсайдерді жеңе алмады

Қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркель өнер көрсететін «Газиантеп» Түркия чемпионатының 23-туры аясындағы кездесуде сырт алаңда «Анталяспормен» ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 0:0 есебімен тең аяқталды.

Меркель ойынды қосалқы орындықта бастап, кездесудің 67-минутында алаңға шықты.

22 ойыннан кейін Газиантеп 32 ұпаймен лига кестесінде тоғызыншы орында тұр.

5 ақпанда 24-тур аясында Меркельдің командасы өз алаңында «Сивасспорды» қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;