русский язык
Футзал

«Тұлпардың» экс-президенті: Словениямен матчта қоржынға бір ұпай түскеніне қуануымыз керек

«Тұлпардың» экс-президенті: Словениямен матчта қоржынға бір ұпай түскеніне қуануымыз керек

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Нидерландыда өтіп жатқан Еуропа чемпионатындағы алғашқы ойында Словениямен тең түскен еді.

Кака шәкірттерінің турнирдегі келесі қарсыласы бірінші матчта азулы Италиямен тең ойнаған (3:3) Финляндия болмақ

Prosports.kz тілшісі Қазақстан құрамасының құрлық біріншілігіндегі болашағы мен ойыны туралы пікірін білу үшін қарағандылық «Тұлпардың» бұрынғы президенті Анатолий Смотрицкийге хабарласуды жөн көрді.

- Анатолий Моисеевич, Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы матчына қандай баға берер едіңіз?

- Екіұдай сезімде қалдым. Біріншіден, елде болып жатқан барлық жағдай, әрине, әсер етті. Команда толық дайындалу мүмкіндігінен айырылды, сонымен қатар кейбір сынақ нәтижелері оң болды және көптеген ойыншылар үйде қалды. Команданың бразилиялық ойыншылары Қазақстанға уақытында келе алмады. Әрине, барлық командада ковид те, жарақат та болғанын ескеруіміз керек.

- Егер Кака командамен бірге болған кезде бірінші матчтың нәтижесі басқаша болар ма еді?

- Егер Кака орнында болып, біздің бразилиялықтар турнирге толық дайындалған болса, ойын мүлде басқаша болар еді. Словения мықты қарсыласы екені даусыз, бірақ әлемдік футзалдағы қазіргі күштердің теңгерімін ескере отырып, Қазақстан мұндай қарсыласты еш қиындықсыз жеңуі керек. Мұның бәрі өз әсерін тигізді, сондықтан қоржынға бір ұпай түскеніне қуануымыз керек. Әрине, Тұрсағұловтың жоқтығы да көзге ұрып тұрды. Кез келген сәтте эпизодты өз пайдасына шешіп кететін, тіпті, бразилиялықтардың қолынан келе бермейтін әрекет жасайтын Дәурен, сөзсіз әлемдік деңгейдегі ойыншы. Арнольд Кнауб бар болғанда, ол да өз көмегін тигізер еді.

– Қазақстанның Финляндиямен турнирдегі екінші матчынан қандай ойын мен нәтиже күту керек?

– Финляндия да ай қарап, жұлдыз санап жүрген команда емес екенін аңғартты. Италиямен тең түсудің өзі қандай нәтиже. Бірақ, шындығына келсек сол Италияның өзі де біздің команда үшін қорқынышты емес.

- ЕУРО-2022-нің басты фавориті қай команда?

– Біріншіден, бұл Ресей. Менің ойымша, олар бірінші орынға 100% үміткер және қазіргі уақытта турнирде жеңіске жету үшін оның барлық мүмкіндіктері мен құрамы бар. Испания, Португалия және Қазақстан да біраз жерге шабады.

- Алдағы ойын алдында сізді алаңдататын нәрсе бар ма?

- Игита үшін алаңдаймын. Словениямен ойында екі гол қақпашымыздың қателігінен кейін соғылды деп айтар едім. Әр ойында нәтижелі қателікке бой алдыратын болды. Өйткені, Игитаның ойынын қарсыластар зерттеп тастаған. Осыған байланысты Игита өте мұқият ойнауы керек. Бұл деңгейде соншама қателік жіберуге құқығы жоқ. Менің ойымша, Кака оны біраз сілкіп алуы керек.

– Сіздің болжамыңыз қандай болады?

– Топтан бірінші орыннан шығамыз деп ойлаймын, содан кейін не боларын дөп басым айта алмаймын. Барлық көрсеткіштердің жиынтығы бойынша, мен айтып өткенімдей, Қазақстанды Ресейден кейін фавориттер қатарына қосамын. Бұл тізімде Испания мен Португалия да бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;