Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі UFC турнирінің басты кардына енгізілді
![Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі UFC турнирінің басты кардына енгізілді](https://prosports.kz/upload/news/content//202201/472_f01ece8b2a9db08119d2522ffa6bd0d8.jpg?v=28650028)
Шавкат Рахмонов (14-0) алғаш рет UFC турнирінің басты кардында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық файтер мен Карлстон Харрис жекпе-жегі UFC Fight Night 200 турнирінің басты кардына енгізілді. Кездесу 2022 жылы 5 ақпанда Лас-Вегаста өтеді.
Еске салайық, UFC-дегі екі жекпе-жегінде Рахмонов Алекс Оливейра мен Мишель Празересті мерзімінен бұрын жеңген болатын.