Хоккей

Қазақстан чемпионатының үздік ассистенті анықталды

Қазақстан чемпионатының үздік ассистенті анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Хоккейден Қазақстан чемпионаты қазір үзілісте, Ligasy.kz биылғы маусымда өзін жақсы жағынан көрсеткен ойыншылар туралы жазады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Владислав Кулиев биылғы маусымда таңғаларлық ойын көрсетті. «Сарыарқа» шабуылшысы дәл қазір Pro Ligasy чемпионатының үздік ассистент. Ол турнирде 30 матчқа қатысып, 44 (15+29) ұпай жинады. Бұл қазіргі сәтте Лигадағы екінші үздік нәтиже.

Кулиев үш ойында дубль, алты кездесуде үш немесе одан да көп ұпай жинады. Тіпті бір матчта шабуылшы командаластарына бес рет нәтижелі пас шығарып берді».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер