русский язык
Бокс

Мейірім Нұрсұлтановтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Мейірім Нұрсұлтановтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Орта салмақтағы ресейлік Андрей Сироткин (19-1-1, 7КО) мен қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8КО) арасындағы жекпе-жектің жаңа уақыты белгілі болды, деп жазады Prosports.kz сайты ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Бастапқыда жоспарланған 22 қаңтардың орнына спортшылар 5 ақпанда Ақтауда (Қазақстан) жұдырықтасады.

Сироткин алдыңғы жекпе-жегін өткен жылдың сәуір айында Ұлыбританияда өткізіп, жергілікті Дэнни Дигнуммен тең түсті. Нұрсұлтановқа келер болсақ, ол соңғы рет өткен жылдың маусым айында беларусь Дмитрий Атроховты төрешілер шешімімен жеңді.

Қазақстандық боксшы WBC (USNBC) нұсқасы бойынша орта салмақ чемпионы. Беделді BoxRec.com порталы Нұрсұлтановтың бұл жекпе-жегіне бес жұлдыздың үш жұлдызы деген баға берді. Бүгінде бұл Мейірімнің мансабындағы ең жоғары рейтингке ие жекпе-жек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;