русский язык
Бокс

Бокс сарапшысы Қоңқабаевтың әлем чемпионы болатынын айтты

Бокс сарапшысы Қоңқабаевтың әлем чемпионы болатынын айтты

Boxing.PL ​​порталының редакторы Марек Кудек ауыр салмақта әлем чемпионы атануы мүмкін боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған тізімде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) бар. Сарапшының ойынша, Қамшыбектің әлем чемпионы болуға толық мүмкіндігі бар.

«Жаңа толқын келе жатыр. Мына топта кемінде екеуі ауыр салмақтағы болашақ чемпион», - деп жазды ол Twitter желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, былтыр желтоқсан айында Қоңқабаев британиялық Стивен Уордты (13-2, 4 КО) жеңіп, бірінші ауыр салмақта WBA Gold белбеуіне ие болды. Сонымен қатар, ол Токио Олимпиадасында қола медаль алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;