русский язык
ММА

Арман Оспанов пен Сергей Морозов АҚШ-та бірге жаттығуда. Фото

Арман Оспанов пен Сергей Морозов АҚШ-та бірге жаттығуда. Фото

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Арман Оспанов (11-4) қазір АҚШ-та келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Cұңқар» отандасы Сергей Морозовпен (17-5) Флоридадағы әйгілі American Top Team спорт залында жаттығып жүр. «Мороз» бірлескен фотосуреті Instagram Stories желісінде бөлісілді.

Еске салайық, Арман Оспановтың келесі жекпе-жегі 29 қаңтарда Майамиде (АҚШ, Флорида) Eagle FC 44 турнирінде өтеді. Қазақстандықтың қарсыласы франциялық Дилан Сальвадор (4-1) болмақ.

Морозовқа келсек, ол 12 ақпанда Хьюстонда (АҚШ) UFC 271 турнирінде бразилиялық Дуглас Силва де Андрадеге (27-4-1) қарсы UFC сегізбұрышына оралады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;