русский язык
Әлем футболы

Қазақстандық клубтың бұрынғы ойыншысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Қазақстандық клубтың бұрынғы ойыншысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды

«Жеңіс» футбол клубы мен Беларусь құрамасының бұрынғы ойыншысы Виталий Ланько 28 желтоқсанда үш жылға сотталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол «Нафтан» ойыншысына пара бермекші болды деп айыпталып отыр. Ланько осы арқылы ұтыс ойынынан жеңбек болған.

Ланько Беларусь құрамасының сапында 2004-2006 жылдар аралығында өнер көрсетті, өз елінің бас командасында 6 ойын өткізген.

Ол 2005 жылы қазақстандық «Жеңіс» сапында доп тепті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;