русский язык
Бокс

Сәкен Бибосыновқа екі бөлмелі пәтер берілді

Сәкен Бибосыновқа екі бөлмелі пәтер берілді

Бокстан әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан су жаңа пәтер берілді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Түркістанды түлеткен» атты жыл қорытындысы өтті. Іс шарада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев боксшыға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Пәтер «Сырдария» тұрғын үй кешенінде орналасқан.

«Алда Түркістанға қоныс аударамын. Осында жаттығамын. Жаңадан құрылып жатқан «Тұран» бокс клубында жаттығу жасап, әрі жастарға шеберлік сабағын өткізуді жоспарлап отырмын», - деді Сәкен Бибосынов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;