русский язык

«Астана» екі ойыншымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Астана» екі ойыншымен келісімшарт мерзімін ұзартты

Жартылай қорғаушы Станислав Басманов пен шабуылшы Владислав Прокопенко «Астанамен» келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Екі ойыншы да «Астанадағы» мансап жолын жастар командасында бастаған. Станислав Басманов 2017 жылы негізгі құрамда 14 матч өткізді. Владислав Прокопенко 2016 жылы дебют жасап, негізгі құрамда 32 ойын өткізіп, 1 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;