русский язык
Әлем футболы

«Ақтөбенің» бұрынғы бапкері әзірбайжандық клубты жаттықтырады

«Ақтөбенің» бұрынғы бапкері әзірбайжандық клубты жаттықтырады

«Ақтөбенің» бұрынғы бапкері Алексей Бага әзірбайжандық «Сумгаит» командасын жаттықтырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, 40 жастағы маман аталған клубпен 2,5 жылдық келісімшартқа қол қойды.

Бұған дейін Бага беларусьтік БАТЭ мен «Шахтерді», литвалық «Жальгиристі» жаттықтырды. Маман БАТЭ (2018) және «Шахтермен» (2021) Беларусь чемпионы атанды, сонымен қатар «Жальгириспен» (2020) Литва чемпионатын жеңіп алды.

Айта кетейік, Алексей Бага 2021 жылы қаңтарда «Ақтөбенің» бас бапкері болды, бірақ маусым ортасында қызметінен кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;