русский язык

Вардан Минасян «Таразға» оралуы мүмкін

Вардан Минасян «Таразға» оралуы мүмкін

Армениялық бапкер Вардан Минасянға «Тараздан» ұсыныс түсті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін ол клубтан қаржылық мәселелерге байланысты кеткенін мәлімдеген еді. Ойыншылар мен бапкерлер бірнеше айдан бері жалақысын алмаған.

Өткен маусымда Вардан Минасян тізгінін ұстаған «Тараз» ұзақ уақыт турнир кестесінің жоғарғы жағында болып, кейін оныншы орынға түскен болатын. «Таразға» дейін бапкер «Тобылда» жұмыс істеген. Желтоқсанның басындк Минасян чемпионат дебютанты «Ақсумен» келіссөз жүргізген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;