русский язык
ММА

Шавкат Рахмоновтың қарындасы Алматыда өзбекстандық қарсыласын жеңді

Шавкат Рахмоновтың қарындасы Алматыда өзбекстандық қарсыласын жеңді

Бүгін Алматыда қазақстандық Naiza Fighting Championship промоушенінің ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен NFC 36 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық файтер Сора Рахмонова (1-1) карьерасындағы үшінші жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы өзбекстандық Хилола Собирова, ол үшін бұл жекпе-жек оның дебюті болды.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептеліп, төрешілердің шешімі бойынша Сораның жеңісімен аяқталды.

Фото: Naiza.mma

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;