Каратеден жаңа маусым Фуджейрада өтетін Премьер лига жарысынан басталады
![Каратеден жаңа маусым Фуджейрада өтетін Премьер лига жарысынан басталады](https://prosports.kz/upload/news/content//202112/203991_e82e71ea2079755e882afcbc1191650d.jpg?v=28702100)
Каратеден Премьер-лига додасы Дубайдан Фуджейра қаласына ауыстырылды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Каратешілер үшін жаңа маусым 18-20 ақпан күндері басталады. Фуджейрадағы "Зайд" спорт кешенінде спортшылар маусымның алғашқы додасында өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетерлігі, 2022 жылы Премьер-лига бойынша бес кезеңі өтеді.
Бүкіләлемдік карате федерациясының күнтізбесіне сәйкес оларды Марокко, Ресей, Португалия және Әзірбайжан қабылдайды.