ВИДЕО. Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Шевченко «Йокеритке» қарсы матчта «Авангардтың» үздік ойыншы атанды
![ВИДЕО. Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Шевченко «Йокеритке» қарсы матчта «Авангардтың» үздік ойыншы атанды](https://prosports.kz/upload/news/content//202112/472_420520a55c5a813306b8fc7512b8d6fd.png?v=28651824)
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дмитрий Шевченконы омскілік «Авангардтағы» серіктестері «Йокеритке» (5:1) қарсы матчтың үздік ойыншысы деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеде Шевченкоға бокс қолғаптары табысталды – біреуі қара түсті, екіншісі қызыл түсті.
«Қолдауларыңызға рақмет, біздің команда өте керемет! Осылай жалғастырайық, барлығына сәттілік!» – деді қазақстандық хоккейші.
Фото hawk.ru