Хоккей

Юрий Михайлис «Трактордан» жеңілген ойын туралы пікір білдірді

news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Барыстың» бас бапкері Юрий Михайлис ҚХЛ-де «Трактордан» жеңілген (4:2) ойын туралы пікір білдірді.

— Біз «Трактордың» бірінші кезеңде жақсы ойнайтын командалардың бірі екенін білдік және оған дайындалдық. Бірақ алаңнан қуылу, қателер мен екі шайба артықшылығы, мұндай командаға қарсы өте маңызды. Екінші кезең тең болды, біз соққылар мен қауіпті сәттер бойынша есепті теңестірдік. Ауадай қажет голды соқтық, бірақ соңында бізге сәттілік жетіспеді. Есепті теңестіруіміз де мүмкін еді.

— Киім ауыстыратын бөлмеде ойыншыларға не айттыңыз?

— Соңына дейін ойнауымыз керек, екінші кезеңде жақсы сәттеріміз болды деп айттым. Біз өз мүмкіндігімізді жүзеге асырып, қарсыластың қақпасына дәл соққы жасауымыз керек еді.

— Берглундтык ойынына баға берсеңіз?

— Ол өте керемет ойнайды және қауіпті сәттер жасайды. Ол Қазанда гол соқты, иә, бүгін де мергендігімен көзге түсті. Ол әр ойында жақсы нәтиже көрсетуге тырысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер