русский язык
Хоккей

Хоккейшілер матч кезінде мұз астына түсіп кетті. Видео

Хоккейшілер матч кезінде мұз астына түсіп кетті. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Екі хоккейші – германиялық "Лангенталдың" қорғаушысы Тайлер Хиггинс пен швейцариялық "Сиерренің" шабуылшысы Арно Монтандон ойын қызған шақта мұз астына түсіп кетті. Оқиға Швейцария хоккей лигасының ойыны кезінде болды.

Басылымның хабарлауынша, 14-минутта шайба "шайқас" кезінде Тайлер Хиггинс пен Арно Монтандон мұзды тазалағаннан кейін суды төгетін шұңқыр түсіп кетті. Хоккейшілер оған жақындаған кезде тосқауыл есіктері ашылып, спортшылар мұз астына түсіп кетті. Оларды төрешілер мен өзге ойыншылар шығарып алды.

Есіктің қаншалықты дұрыс жабылғаны тергеуден кейін анықталады.

Бұл оқиғадан кейін матч жалғасып, 3:2 есебімен "Лангенталь" пайдасына аяқталды.

Түпнұсқасы: sputnik.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;