Еркін күрес

Дәулет Ниязбеков: Күреске тоймай кетіп барамын

Дәулет Ниязбеков: Күреске тоймай кетіп барамын
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының капитаны Дәулет Ниязбеков спорт мансабын ресми түрде аяқтады. Бұл ақпаратты құраманың бас бапкері Әсет Серікбаев хабарлады. Дәулет Ниязбеков спорт мансабының аяқтауына байланысты Olympic.kz сайтына пікір білдірді.

«Токио олимпиадасында алған жарақатым оңай соқпады. Күреске еш ренішім жоқ. Шабатын жерге дейін шаптым. Күреске ықыласымды оятқан, жолымды ашқан, бар білігін үйреткен жаттықтырушыларыма алғыс айтқым келеді. Иә, күреске тоймай кетіп барамын.

«Олимпиада жүлдесін алсам» деген арманым орындалмады. Бірақ денемнен шығатын тердің бәрін сығып, барымды салып кетіп бара жатырмын деп ойлаймын. Осы дәрежеге жеткенім үшін де Аллаға шүкір», – деді Дәулет Ниязбеков.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер