«Трактордың» хоккейшілері «Барысқа» қарсы ерекше жейдеде ойнайды
![«Трактордың» хоккейшілері «Барысқа» қарсы ерекше жейдеде ойнайды](https://prosports.kz/upload/news/content//202112/472_4aba989a698d2922741f51df0c2f6646.jpg?v=28674554)
Челябинскілік «Трактор» ҚХЛ-да «Барысқа» қарсы матчқа арналған бірегей киімді таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барыс» - «Трактор» матчы ертең өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады.
«Трактордың» хоккейшілері қазақстандық клубпен кездесуге өз командасының 74 жылдығына арналған жейдеде шығады.
Кейінгі ойында «Трактор» Череповецтің «Северсталь» командасын 6:1 есебімен жеңсе, қазақстандық «Барыс» Қазандық «Ақ Барысқа» есе жіберді (5:3).