русский язык

«Біз Қазақстанды да, Молдованы да жеңе аламыз». Әзербайжан футболының ардагері Ұлттар лигасы жеребесі туралы пікір білдірді

«Біз Қазақстанды да, Молдованы да жеңе аламыз». Әзербайжан футболының ардагері Ұлттар лигасы жеребесі туралы пікір білдірді

АФФА атқару комитетінің мүшесі Казбек Туаев футболдан Ұлттар лигасы С дивизионындағы С тобына баға берді, онда Әзірбайжан құрамасы Словакия, Беларусь және Қазақстан/Молдова жұбының жеңімпаз командасына қарсы ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі azerisport.com сайтына сілтеме жасап.

«Беларусьті біз міндетті түрде жеңеміз. Бұған еш күмәнім жоқ. Сондай-ақ, Қазақстан мен Молдованы жеңу қолымыздан келеді. Бұл командалардың қайсысы біздің топқа енетіні маңызды емес. Словакиялықтармен қиынырақ болады, бірақ біз оларды жеңе аламыз. Бұл топ Әзірбайжан құрамасы үшін өте қолайлы. Бұл топтың жеңімпазы боламыз деп ойлаймын. Мен бұған сенемін», - деді Туаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;