Қазақстан жастар құрамасына кімдер шақырту алды
![Қазақстан жастар құрамасына кімдер шақырту алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202112/201736_74071e626b82114e777cba0ac6753c13.jpg?v=28669516)
Нұр-Сұлтандағы Футбол үйінде Қазақстан жастар құрамасының іріктеу жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бес күнге созылатын селекциялық оқу-жаттығу жиынының мақсаты – бұрын-соңды құрамаға шақырылмаған жас ойыншылардың шеберліктерін бағалау.
Аға жаттықтырушы Қайрат Нұрдәулетов селекциялық жиынға 21 ойыншы шақырған:
Ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Данила Карпиков («Шахтер-Болат»), Глеб Малиновский («Жетісу»);
Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Теңізбай Әбдірахманов («Жетісу»), Асқар Сатышев, Еркебұлан Тойбеков (екеуі де – «Тараз»), Тимофей Тронза, Константин Горизанов (екеуі де – «Шахтер-Болат»), Әкежан Төлеген, Кахрамон Хасанов (екеуі де – «Оңтүстік» академиясы), Алдаир Әділов («Астана»);
Жартылай қорғаушылар: Мейрамбек Қалмырза («Астана»), Абылайхан Назымханов («Шахтер»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Жасұлан Жұмашев («Тобыл»), Айбар Айдарбекұлы («Жетісу»), Нұрғайни Бөрібаев, Ғани Сүлеймен (екеуі де – «Тұран»), Ринат Серікқұл («Оңтүстік» академиясы);
Шабуылшылар: Олжас Әділ («Астана»), Вадим Яковлев (клубсыз);
Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов - аға бапкер, Асқар Ыдырысов - аға бапкердің көмекшісі, Николай Родионов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Бауыржан Абаев - дәрігер, Дмитрий Лапушкин - массажист, Павел Лаптев - бейнеоператор, Дінмұхамед Оралов - менеджер.