Мәскеудегі бокс кешінде өнер көрсететін қазақстандық боксшылар салмақ өлшеді
![Мәскеудегі бокс кешінде өнер көрсететін қазақстандық боксшылар салмақ өлшеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202112/201736_a5780a120563e49f3693c165c8c56de9.jpg?v=28668019)
Мәскеуде өтетін бокс кешінде қазақстандық боксшылар Бек Нұрмағанбет, Евгений Павлов және Данила Семенов өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жерлестеріміз жекпе-жек алдында міндетті салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, қарсыластарымен көз түйістірді.
⠀
Бұл кеште Бек Нұрмағанбет (5-0, 3КО) колумбиялық ардагер Хосе Мигель Торреспен (33-11, 27КО) кездеседі. Евгений Павлов (5-0, 4КО) венесуэлалық Эдиксон Переспен (24-7, 18КО) жұдырықтасады. Ал Данила Семеновтің (4-0, 2КО) қарсыласы аргентиналық боксшы Пабло Фариас (32-5, 17КО) болады.
Айта кетейік, бокс кеші бүгін, 24 желтоқсанда Мәскеуде «Крылья Советов» спорт кешенінде өтеді.