русский язык
Басқа

Каратеден Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатын жеңді

Каратеден Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатын жеңді

Алматыда каратеден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан ерлер құрамасы командалық сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан ерлер құрамасы құрлықтық біріншіліктің финалында Иранмен кездесті. Данияр Юлдашев, Нұрқанат Әжіқанов және Нұрнияз Елдашев Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді.

Айта кетерлігі, бүгін жекелей сында Мөлдір Жаңбырбай мен Андрей Актауов алтын медаль жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;