Қанат Ислам орта салмақтағы WBO International титулынан айырылды
![Қанат Ислам орта салмақтағы WBO International титулынан айырылды](https://prosports.kz/upload/news/content//202112/472_da526849fa6879d28dd45fe9ad631877.jpg?v=28704383)
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0) орта салмақтағы WBO International титулынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы BoxRec.com порталы хабарлады. Бұл титулдың жаңа иесі 15 қаңтарда Ақтауда өтетін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 КО) пен ресейлік Андрей Сироткин (19-1-1, 7 КО) арасындағы жекпе-жекте анықталады.
WBO International титулын Қанат Ислам 2019 жылы Уолтер Контондокваға қарсы жекпе-жекте жеңіп алған болатын. Содан бері қазақстандық бір ғана жекпе-жек өткізді: ол эквадорлық Джейсон Минданы нокаутқа түсірді. Дүниежүзілік бокс ұйымының мұндай шешім қабылдауына қазақстандықтың ұзақ уақыт бойы титулды қорғай алмағаны себеп болған шығар.