«Шахтер» екі қазақстандық футболшымен қоштасты
![«Шахтер» екі қазақстандық футболшымен қоштасты](https://prosports.kz/upload/news/content//202112/201736_c5a4c29950e3c1aaf017b73cf7e8d8b6.jpg?v=28704138)
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Шахтер» ойыншылары Оралхан Өміртаев пен Геворг Наджарян клубтан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Кеншілердің» басшылығы клуб түлектерімен келісім-шартты ұзартпау туралы шешім қабылдады.
Шабуылшы Оралхан Өміртаев ҚПЛ-ның соңғы маусымында 5 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Жартылай қорғаушы Геворг Наджарянның еншісінде 19 матчта 1 гол бар.