русский язык

«Шахтер» бірнеше футболшымен қоштасты

«Шахтер» бірнеше футболшымен қоштасты

Қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері Магомед Адиев құрамды қажетсіз ойыншылардан тазарту процесін бастады, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Расталмаған ақпаратқа сүйенсек, қорғаушы Андрей Буйволов, жартылай қорғаушылар Геворг Наджарян, Вук Митошевич, Алан Чочиев, Михаил Бакаев, сондай-ақ шабуылшылар Арамис Кузин мен Евгений Шикавка командадан кеткен.

Ал, Владимир Хозин, Давид Атаноскоски, Абдель Ламанге, Эдин Рүстемович және Павел Назаренко қатарда қалады. Бұл ойыншылардың көпшілігінің келісім-шарттары жарамды, Назаренкомен келісімді ұзарту бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Тағы бір айта кететін жайт, бас бапкер Әдиев жақында клубпен келісімшартын жаңартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;