русский язык

Грузия чемпионатының үздік шабуылшысы карьерасын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

Грузия чемпионатының үздік шабуылшысы карьерасын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін

Сербиялық «Динамо» (Тбилиси) шабуылшысы Зоран Марушич қысқы трансфер кезеңінде Қазақстан чемпионатындағы Премьер-Лига командасының сапына қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

28 жастағы шабуылшыға Қазақстанның бірнеше клубтары қызығушылық танытып отыр.

Футболшының агенттері «Шахтер», «Тұран», «Атырау» және «Ақтөбе» клубтарымен алдын ала келіссөздер жүргізді.

Айта кетейік, өткен қыста «Атырау» Марушичпен келісімшартқа қол қоюға жақын болды, бірақ Марушич «Динамоны» таңдады.

Грузия чемпионатында Марушич 26 матчта 16 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;