Қақпашы Устименко «Атырауға» ауысуы мүмкін
![Қақпашы Устименко «Атырауға» ауысуы мүмкін](https://prosports.kz/upload/news/content//202112/203991_c1567875dde015f573e5d52ea1fbb058.jpg?v=28687825)
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Қайраттың» және Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Данил Устименко команда ауыстыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.
2021 жылғы маусымда 21 жастағы қақпашы «Қайрат» сапында бар болғаны 5 матч өткізіп, 11 гол жіберіп алған. Чемпиондар лигасында «Црвена Звездаға» қарсы өткен сәтсіз ойыннан кейін Устименко «Қайрат-Жастарға» ауыстырылды.
Жуырда ғана тәжірибелі қақпашылар Владимир Логиновский мен Жасур Нарзиқұловпен қош айтысқан «Атырау» мен «Ақтөбе» «Қайраттың» түлегін өз қатарына қосқысы келеді.