Қазақстандық файтер Мәскеуде OPEN FC титулы үшін жекпе-жек өткізеді
![Қазақстандық файтер Мәскеуде OPEN FC титулы үшін жекпе-жек өткізеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202112/472_76d3ba4d37ddd3f1b47e0c7f9300d5b9.jpg?t=1639729900?v=28707863)
Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Меруерт Ибраева (3-0) жеңіл салмақтағы OPEN FC чемпиондық белбеуін сарапқа салады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ибраеваның титулдық жекпе-жектегі қарсыласы ресейлік Дарья Железнякова болады (5-0).
Меруерт Ибраева екі рет мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, бір рет төрешілердің шешімімен жеңген болатын. Меруерт соңғы жекпе-жегін осы жылдың қазан айында Сай Әуелбековаға қарсы өткізіп, бірінші раундта жеңіске жеткен болатын.
Фото instagram.com/open_fc_mma