русский язык
Басқа

Алматыда «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплинінде спорт кешені ашылды

Алматыда «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплинінде спорт кешені ашылды

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев спорт кешенінен, бейімдеу орталығынан және жабық жүзу бассейнінен тұратын екінші кезектегі «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиніне барды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Спорт кешені 6 мың шаршы метрден астам аумақта орналасқан. Ол әртүрлі спорт бағыты бойынша ауқымды шараларға арналған: еркін, грек-рим және әйелдер күресі, казак күресі, бокс, дзюдо, таэквондо, мини-футбол, волейбол, баскетбол, гандбол және тағы басқалары.

Спорт кешені 1285 орынға есептелген (658 стационарлық отыратын орын, жылжымалы мінбелерде – 627 орын). Спорт алаңының көлемі – 22х42 метр, төбесінің биіктігі – 12 метр.

Кешен жаттығу үшін спорттық керек-жарақтармен толық жабдықталған. Паркет жүйесіне ерекше назар аударылады, арнайы жабын спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

7 жолға арналған 25х16 метрлік жабық жүзу бассейні түрлі су спорт түрлері бойынша ірі, соның ішінде халықаралық жарыстарды өткізе алады.

Сондай-ақ орталықта сауықтыру және демалу үшін үй-жайлар, душ, массаж кабинеті, киім шешетін бөлмелер, медициналық кабинет, сауна және жаттықтырушы бөлмелері қарастырылған. БАҚ үшін комментаторлар бөлмесі және паркинг бар.

Бейімдеу-жаттығу орталығында іс-шараларды өткізу үшін толық жабдықталған 108 бөлме, үш заманауи конференц-зал бар. 500 орынға арналған кафе, бассейні бар ашық жазғы алаң қарастырылған.

Жобаға 7,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Almaty Business 2025 кәсіпкерлікті дамыту өңірлік бағдарламасы аясында спорттық құрал-жабдықтар сатып алуға 84 айға жылдық 6%-бен 500 млн теңге сомасында жеңілдікті несие берілді.

Осы жобаны қаржыландыру аясында аутизмі бар балаларды бассейнде нұсқаушымен тегін жаттықтыру мүмкіндігі қамтамасыз етілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;