русский язык
Хоккей

Жастар арасындағы ӘЧ: Беларусь - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Жастар арасындағы ӘЧ: Беларусь - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Бүгін, 16 желтоқсанда Қазақстан жастар құрамасы 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионатында Беларусь құрамасына қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир кестесінде Беларусь көш бастап тұр. Норвегия, Латвия және Қазақстанда 6 ұпайдан бар. Дания мен Венгрияда 0 ұпай. Қазақстан құрамасының элиталық дивизионға шығуы алдағы матчтың нәтижесіне байланысты болады.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Венгрияны (3:1) және Данияны (4:1) жеңіп, Норвегиядан (2:5) жеңілген болатын.

Беларусь - Қазақстан матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:30-да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;