русский язык
Хоккей

Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті

Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті

Хоккейден Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтар Дания құрамасын 4:1 есебімен жеңді. Бірінші кезеңде есеп ашылмады, үзілістен кейін біздің хоккейшілер екі минутта екі шайба салды - Константин Морожников дубль жасады.

Кейін даниялықтар есеп айырмасын қысқарта алғанымен, Қазақстан құрамасы тағы екі гол соқты.

Біздің құрама сапында матчтың үздік ойыншысы болып Константин Морожников танылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;