русский язык
Басқа

Спорт саласының үздіктері марапатталды

Спорт саласының үздіктері марапатталды

Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің спорт саласының үздіктерін анықтаған іс-шара өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік меценат», «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы», «Жылдың үздік спорт ұйымы», «Жалпы білім беру ұйымының директоры», «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман», «Ауылдық жердегі үздік нұсқаушы-әдіскер», «Ауылдағы үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі», «Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі» аталымдарының иегерлері анықталып, жеңімпаздар диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысып, өңірлерден жиналған сала мамандарына алғысын жеткізіп, барша қауымды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты спортпен белсенді шұғылдануға тарту – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спорт пен балаларын спортына баса мән беріп, дамыту керектігін атап өтті. Біз баршамыз осы бағытта жұмыла жұмыс істеуіміз қажет. Биылғы жылдың спорт үздіктерін анықтау кезінде «Ауылдағы үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі», «Жалпы білім беру ұйымының директоры», «Үздік меценат» номинацияларын қостық. Аталған аталымдар спорт саласында қызмет жасап келе жатқан азаматтарға үлкен серпін беріп, алдыға ұмытылуға септігін тигізеді деп сенемін. Баршаңызды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтаймын!»-деді Вице-Премьер.

Елімізде спорт саласын дамыту, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың спорт саласындағы басты басымдықтардың бірі ретінде белгілеп берген – бұқаралық спортты дамыту жолында аянбай еңбек етіп, халық игілігі үшін спорт ғимараттарын тұрғызу арқылы қолдау танытқан демеушілер мен ауылдық жерде дене шынықтыру мен спортты дамыту, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға баулу, еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар төмендегідей марапаттарға лайық деп танылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;