Ауыр атлетика

Артем Антропов әлем чемпионатында төртінші орын алды

Артем Антропов әлем чемпионатында төртінші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

2021 жылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатыр, оған қазақстандықтар да қатысуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Артем Антропов жарыс жолына шықты. Жұлқа көтеруде ол 164 келіні бағындырып, небәрі 11-орынға тұрақтады. Оның серпе көтерудегі нәтижесі 221 келі. Осылайша, жалпы салмағы 385 келімен Антропов төртінші орын алып, жеңіс тұғырына бір қадам қалғанда тоқтады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан 2021 жылғы әлем чемпионатында «алтын» алған болатын: ең жоғары деңгейдегі медальді 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Арли Чонтей ел қоржынына салды. Ол 260 келіні бағындырды (жұлқа көтеруде 118 келі, серпе көтеруде 142 келі).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер