русский язык
Басқа

Спорт қайраткелері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жоғары наградалармен марапатталды

Спорт қайраткелері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жоғары наградалармен марапатталды

Бизнес-қауымдастық, спорт, мұнай-газ, атом және электр энергетикасы секторының өкілдері жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтар болсақ, қайраткерлерге «Барыс», «Парасат», «Достық», «Құрмет», «Еңбек Даңқы», «Ерен еңбегi үшiн» медальдары мен құрмет грамоталары табысталды.

Марапат иелерін ел Тәуелсіздігінің мерейтойымен құттықтаған «Қазэнерджи» қауымдастығының, «Атамекен» Ұлттық палатасының және Ұлттық Олимпиадалық комитеттің басшысы Тимур Құлыбаев бұл мерекені Қазақстан үлкен жетістікпен атап өткелі отырғанын мәлімдеді. Осы жылдар аралығында үлкен стратегиялық тәжірибе жиналып, беріктік нығая түсті. Сондай-ақ, ұлт мақтанышы мен мұрасын сақталды.

«Дәстүр бойынша жыл сайын мемлекттік мереке қарсаңында еліміздің әр аймағында және осы залда отырған азаматтар секілді ерекше еңбегімен көзге түскен азаматтарға табысталатын жоғары мемлекеттік наградаларыңызбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл азаматтар өз салаларында шеберлігімен көзге түсіп, осы жылдар аралығында еліміздің мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Бүгін біз әріптестерімізге, кәсіпкерлік қауымдастық, қазақстандық энергетика және спорт қоғамдастығының өкілдеріне құрмет көрсетіп жатырмыз. Сіздер нағыз батырсыздар, сіздерді мақтан тұтамыз», - деді Тимур Құлыбаев.

Өз кезегінде ҚР үстел теннисі Федерациясының президенті, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің вице-президенті, ҚР Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының жетекшісі Данияр Абулғазин алғысын жеткізді.

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында мемлекеттік награда алған біз үшін үлкен мәртебе. Қоғамдық жұмыс оңай емес, бұл уақытыңды, күшіңді, энергияң мен қаржыны алады. Осы орайда, әрітестеріме, Тимур Асқарұлы, сізге алғысымды білдіргім келеді. Бұл награда қоғам мен еліміз үшін бірлесіп істеген еңбегіміздің жемісі», - деді Данияр Абулғазин.

Қоғам және спорт қайраткері, кәсіпкер, танымал боксшы-олимпиадашылар мен чемпиондардың бірнеше буынын дайындаған Юрий Цхай ІІІ дәржелі «Барыс» орденіне лайық деп танылды.

«Баршаңызды еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Марапат алған барша қайраткерді құттықтаймын. Отандық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін ҰОК-ке үлкен алғыс», - деді Цхай.

Жиын соңында сөз алған Тимур Құлыбаев: «Сіздердің бүгінгі марапаттарыңыз ортақ жетістік жолындағы мүлтіксіз қызметтеріңізді көрсетеді. Өз атымнан құттықтауға рұқсат етіңіздер. Баршаңызға зор денсаулық, табыс және бақыт тілеймін», - деді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;