русский язык
Әлем футболы

Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды

Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде 2021/2022 жылғы маусымдағы Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің бұл кезеңінде 16 команда бақ сынайды.

Еуропа лигасының топтық кезеңінде екінші орын алған 8 команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған 8 командамен кездеседі. Мұнда бір елдің командалары жолықпайды.

Жеребе қорытындысы:

«Севилья» (Испания) - «Динамо» (Загреб, Хорватия);
«Аталанта» (Италия) - «Олимпиакос» (Грекия);
«РБ Лейпциг» (Германия) - «Реал Сосьедад» (Испания);
«Барселона» (Испания) - «Наполи» (Италия);
«Зенит» (Санкт-Петербург, Ресей) - «Бетис» (Испания);
«Боруссия» (Дортмунд, Германия) - «Рейнджерс» (Шотландия);
«Шериф» (Тирасполь, Молдова) - «Брага» (Португалия);
«Порту» (Португалия) - «Лацио» (Рим, Италия).

Айта кетейік, 1/16 финалдың матчтары 17 және 24 ақпанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;