Әлем футболы

УЕФА Чемпиондар лигасы: 1/8 финалдың жеребесі тартылды

УЕФА Чемпиондар лигасы: 1/8 финалдың жеребесі тартылды
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде 2021/2022 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ережеге сай, 1/8 финалда топтық кезеңде бірінші орын алған команда өзге топта екінші орын алған командамен кездеседі. Бірақ бір елдің қос командасы жолықпайды.

Жеребе қорытындысы мынадай болды:

«Бенфика» (Португалия) - «Реал» (Мадрид, Испания);
«Вильярреал (Испания) - «Манчестер Сити» (Англия);
«Атлетико» (Мадрид, Испания) - «Бавария» (Мюнхен, Германия);
«Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Ливерпуль» (Англия);
«Интер» (Милан, Италия) - «Аякс» (Нидерланды);
«Спортинг» (Португалия) - «Ювентус» (Турин, Италия);
«Челси» (Лондон, Англия) - «Лилль» (Франция);
«Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Манчестер Юнайтед» (Англия).

Айта кетейік, 1/8 финалдың алғашқы ойындары 2022 жылы 15/16/22/23 ақпанда, қарымта кездесулер 8/9/15/16 наурызда өтеді деп жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер