русский язык
Басқа

Ферстаппен Абу-Даби Гран-приінде топ жарып, алғаш рет Формула-1 чемпионы атанды

Ферстаппен Абу-Даби Гран-приінде топ жарып, алғаш рет Формула-1 чемпионы атанды

«Ред Булла» шабандозы Макс Ферстаппен Абу-Даби Гран-приінің финалдық жарысында британиялық Льюис Хэмилтонды соңғы айналымда жеңіп, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хэмилтон екінші орын алды. Үздік үштікті «Феррари» шабандозы кіші Карлос Сайнс түйіндеді.

Жалпы есепте Ферстаппен 395,5 ұпай жинады. Хэмилтонның еншісінде 387,5 ұпай бар. Үшінші орынға 230 ұпай жинаған «Мерседес» шабандозы Валттери Боттас жайғасты.

Формула-1. Абу-Даби Гран-приі

1. Макс Ферстаппен («Ред Булл») — 58 айналым.
2. Льюис Хэмилтон («Мерседес») +2,256
3. Карлос Сайнс («Феррари») +5,173
4. Юки Цунода («Альфа Таури») +5,692
5. Пьер Гасли («Альфа Таури») +6,531
6. Валттери Боттас («Мерседес») +7,463
7. Ландо Норрис («Макларен») +59,200
8. Фернандо Алонсо («Альпин») +1.01,708
9. Эстебан Окон («Альпин») +1.04,026
10. Шарль Леклер («Феррари») +1.06,057
11. Себастьян Феттель («Астон Мартин») +1.07,527
12. Даниэль Риккардо («Макларен») +1 айналым
13. Ланс Стролл («Астон Мартин») +1 айналым
14. Мик Шумахер («Хаас») +1 айналым.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;