русский язык
Басқа

Қазақстандық паратаеквондошы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық паратаеквондошы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық паратаеквондошы Мәлік Мұқашев Ыстанбұлда мәреге жеткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Бапкері Ербол Мерғалиевтің айтуынша, Мәлік Мұқашев 80 кг салмақта алдымен түрік спортшысын ұтты. Финалда ресейлік паратаеквондошымен шығып, екі секунд қалғанда, қарсыласын 41:39 есебімен жеңді.

Мәлік бұған дейін әлем біріншілігінде жеті жылдан бері бақ сынап, үздік нәтижесі – бесінші орынмен шектелген еді.

Биыл Мәлік Мұқашев Азия, Еуропа біріншілігі, Қазақстан спартакиадасы, енді, міне, әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтеріліп, төрт алтын медальді жеңіп алып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;