Оливейра Порьені жеңіп, UFC титулын қорғады
![Оливейра Порьені жеңіп, UFC титулын қорғады](https://prosports.kz/upload/news/content//202112/203991_c418a57011c5c192eceecf734584bc31.jpg?v=28718539)
Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында UFC 269 турнирінің басты шайқасы бразилиялық файтер Чарльз Оливейра (31-8) мен америкалық Дастин Порье (28-6) арасында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оливейра өзінің жеңіл салмақтағы UFC чемпионы титулын бәске тікті. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек бүкіл қашықтыққа созылмады, үшінші раундта Оливейраның жеңісімен аяқталды.Чарльз қылқындыру әдісін пайдаланды.
Осылайша, Чарльз ММА-да 32-ші жеңісіне қол жеткізіп, белбеуін сақтап қалды. Порье мансабында жетінші рет жеңіліске ұшырады.
Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік Хабиб Нурмагомедов (29-0) осы дивизионда чемпион атағын иеленген.