русский язык
Командалық

«Ақжайық» тартысты матчта қарсыласына есе жіберді

«Ақжайық» тартысты матчта қарсыласына есе жіберді

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» Верхний Уфалейде «Никельщикпен» екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы таймда алғашқы болып «Ақжайық» сапынан ресейлік Сергей Башаев есеп ашты.

Көп ұзамай «Никельщиктен» Евгений Мехоношин таразы басын теңестірді. Оралдық команданың сұрмергені, тағы бір ресейлік Максим Пахомов мергендік танытқанымен, айдын иелерінен Герман Альгин 12 метрлік пенальтиден мүлт кетпеді.

Екінші таймда Дмитрий Сафуллин жеңіс голын соғып кетті - 3:2. Жеңіс екінші ойында да «Никельщикке» бұйырды.

Осылайша «Ақжайық» сырт айдындарда өткізген алты матчтан 9 ұпай олжалады. Николай Шавалдиннің шәкірттері келесі бәсекелерін Оралда 22-23 желтоқсанда «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасымен өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;